НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Мамандар көкөніс, ақуыз, жасұныққа бай жарма, жаңғақ пен бадам күндізгі ұйқышылдықтан құтылуға көмек болатынын айтты, деп хабарлайды "Вечерняя Москва".
Олардың айтуынша, сағат түскі 15-16 шамасында адамның энергиясы азаяды. Бұған шамадан тыс тамақ жеу де себеп болуы мүмкін. Оттегі қан айналымымен бірге асқазанға барады. Салдарынан мида оттегі тапшылығы туындайды.
"Сондықтан бір отырғанда небәрі 200-300 грамм тамақ жеген дұрыс. Ал су мен шырынды тамақтанған соң 40 минуттан кейін ішуге болады ", - дейді мамандар.
Олар түске дейін ақуыз бен көмірсуы бар азық-түлік жеуге кеңес беріп отыр. Ал түстен кейін жеңіл жаттығу жасаған артық болмайды.