Саясат

Назарбаевтың сирек фотолары желіде неге жариялана бастағаны белгілі болды

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының съезінен кейін фотоға түсіп жатыр
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының съезінен кейін фотоға түсіп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаевтың еш жерде жарияланбаған фотолары архивте сақтаулы тұр

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың архивтегі сирек суреттері әлеуметтік желіде аптасына екі рет жарияланады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты.

Жуырда Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі жаңа жоба іске қосты -#ЕлбасыныңЖекеАрхивінен хэштегі бойынша Instagram-нан тұңғыш президенттің сирек суреттері жарияланып жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі (@elbasy_nazarbaev)

"Тек бір ғана іс-шарада Елбасының жеке фотографы Әйгерім Деңгелбаева мыңнан астам фото түсіреді. Ең жақсыларын ресми сайтта жариялаймыз. Бірақ кейде қызықты кадрларды пайдалана алмаймыз, олар архивте сақталады. Енді қазір осы суреттермен бөлісуді жөн көрдік", - дейді Айдос Үкібай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі (@elbasy_nazarbaev)

Оның айтуынша, жоба тек 5-6 фотомен шектелмейді. Баспасөз қызметі жаңа суреттерді кемінде аптасына екі рет жариялауды жоспарлап отыр.

"Бұл суреттер ешбір оқиғаларға байланысты болмайды, сондай-ақ ешқандай саяси астары жоқ. Әр желі қолданушысының фотоларға өз көзқарасы бар", - деді Үкібай.

Суреттер топтамасын 001QR нөмірлі Mercedes көлігі түсірілген фото ашқан болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі (@elbasy_nazarbaev)

Нұрсұлтан Назарбаевтың https://elbasy.kz ресми сайты бар, бұл жердегі ақпараттар үш тілде жарияланады. Сайттан Елбасының кітаптары мен мақалаларын, жолдаулары мен баяндамаларын, сұхбаттары мен фотоларын табуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі (@elbasy_nazarbaev)

Жаңалықтар
0