НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Көкшетауда түнде көшеде қызды зорлаған 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 3 тамыз күні қаладағы Назарбаев даңғылында болған. Түнгі ондар шамасында жедел басқару орталығына белгісіз ер адамның көшеде қызды зорлап тастағаны туралы ақпарат келіп түсті.
© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметіКүдікті қылмысын мойындады

Күдікті қылмысын мойындады
© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын бастады. Көп ұзамай 1979 жылы туған Көкшетау тұрғыны қолға түсті. Күдіктінің бұған дейін істі болғаны анықталды.
Тағы оқыңыз: "Мүшесін ұстады": Ақтөбе лагеріндегі сұмдықты балалардың бірі жайып салды
40 жастағы ер адам қылмысын мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.