НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Оралдағы жойқын дауылдан кейін бес адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді.
"5 тамызда қатты жел салдарынан сағат 15.00 мен 17.00 аралығында жедел жәрдем пультіне төрт рет қоңырау түсті. Желаево ауылында шатырдан шифер бөлігі ұшып, сегіз жасар қыздың басына құлаған. Ол Орал қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Дауылдан қаладағы бірнеше ағаш құлаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әбілқайыр хан даңғылында көлікке ағаштың жуған бұтағы құлаған. Салдарынан 31 жастағы ер адамның көзіне әйнек сынығы кіріп кетіпті. Ол облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ 16 жастағы қыз зардап шегіп, Орал қаласындағы көп салалы ауруханаға жеткізілген", - деп мәлімет берді өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.
Тағы оқыңыз: Дауыл салдарынан 10 алам Алакөл жағалауындағы аралда қалып қойды
Сонымен қатар дәрігерлер 69 және 74 жастағы екі әйелдің үстіне бұтақ құлағанын айтты. Олар басынан жарақат алған. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартса, екіншісі медициналық мекемеде ем алып жатыр.
Қатты жел Орал қаласында 5 тамыз күні түстен кейін басталды. Қалада электр жарығы сөніп қалыпты.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қатты жел Жаңажол және Талдықұдық ауылындағы екі мектептің шатырын ұшырған, Жәнібек ауылындағы М.Б. Ихсанов атындағы колледж спорт залының шатырына зақым келіпті. Тасқала ауданындағы Тасқала ауылында Халықты жұмыспен қамту орталығының шатыр ұшқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оралда №47 мектептің 144 шаршы метр шатыры ұшқан, Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің де төбесі бұзылды.