Оқиға

Алматы облысында өртті сөндіру кезінде үш адам қаза болды

© Photo : пресс-служба МВД РКСтепной пожар в Алматинской области
Степной пожар в Алматинской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тау аумағындағы өртті сөндіру үшін МИ-8 тікұшағы пайдаланылды

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Алматы облысында тауда өртті сөндіру кезінде үш адам қаза болды. Олардың бірі - Жаркент орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, екеуі - өрт сөндіруге көмектескен жергілікті тұрғын.

Трагедия 5 тамыз күні Панфилов ауданының Талдын ауылдық округі аумағында болды.

"Жеті адамда түрлі дәрежегі күйік бар. Бір адамның аяғы сынды. Зардап шеккендер тікұшақпен Лесновка ауылына жеткізілді. Олар Жаркент қаласының аудандық ауруханасында ем қабылдайды", - деп хабарлады ішкі істер министрлігінде. 

Өртті сөндіру үшін суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған.

"Апат кезінде ауа райы қолайсыз болды. Салдарынан айналаны көру қиындады, өте көп күш жұмсалды", - деді ІІМ.

Өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр. Қосымша күш тартылған. Оқиға орнына "Қазавиаспастың" тағы бір тікұшағы жетті.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтандағы базарда жойқын өрт болды - фото

Трагедия орнында 13 арнайы техника мен төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 59 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Алматы облысы полиция департаменті мен Жаркент мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері де бар.

ІІМ жағдай бақылауға алынғанын хабарлады.

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан , Ақмола облысында өрт қаупі жоғары.

Жаңалықтар
0