Саясат

Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Алматының көлік жүйесі мен білім және медицина саласына назар аударды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі  Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет берді.

Тоқаев қаланың инфрақұрылымының сапасын жетілдірудің маңызы мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы медицина және білім салаларын дамыту, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру керектігін айтты.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және өзге де өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыда кездесті

Бакытжан Сағынтаев 2019 жылдың 28 маусымында Алматы қаласының әкімі болды.

Сағынтаев Алматыда адам көп шоғырланған аудандарда медициналық пункт ашуға уәде берген болатын. Ол аулаларда бейнекамера, рация және телефон орнатылған полиция бекеті болатынын айтқан еді.

Жаңалықтар
0