Әлем

Ресейдің әскери бөлімінде жойқын жарылыс болды

CC0 / pixabay.com / Взрыв боеприпасов, иллюстративное фото
Взрыв боеприпасов, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
RT-ның мәліметіне сәйкес, екі адам ауруханаға жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ресейдің Ачинск қаласының тұрғындары Краснодар өңіріндегі әскери бөлімде оқ-дәрі қоймасында өрт шыққанын хабарлады.

"Краснодар өңіріндегі Ачинск қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасы жарылды. Қаланы қою қара түтін басып кетті. Куәгерлер тұрғындардың қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады. Төтенше жағдайлар министрлігі әлі төтенше жағдайға араласқан жоқ, бұл – жабық қала", - деп жазады Mash телеграм-каналы.

Әскери бөлімдегі жарылыс пен өрт туралы ақпаратты РИА Новости-ге бірыңғай диспетчерлік қызметтегілер растады.

RT-ның мәліметіне сәйкес, екі адам жарқыншақ тиіп жараланыИлай Ахметовп, ауруханаға түскен.

Ачинск қаласының әкімшілігі оқиға орнына бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жедел тобын жіберді. Топты мэр Илай Ахметов бастады.

Тұрғындарды сабыр сақтап, елді мекен жаққа барудан бас тартуға шақырады.

Жергілікті "ОСА" телеарнасы оқиға орнынан желіде тікелей эфирде ақпарат таратып жатыр.

Арыстағы жарылыс

24 маусымда таңертең сағат ондар шамасында Арыстағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары дереу көрші аудандар мен Шымкентке көшірілді. Жарылыстар тоқтаған соң 28 маусымда үйлеріне қайта бастады.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза болды: қала тұрғыны, екі әскери және екінші тамызда елордалық ауруханада көз жұмған бала.

Қазақстанның қорғаныс министрі төтенше жағдайдың алдын ала себептерін жариялады. Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, электр қуатының қысқа тұйықталуы, қандай да бір оқ-дәрідегі химиялық реакция, диверсия, кездейсоқ заттың тиюі немесе шөптің өртенуі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Жаңалықтар
0