Әлем

"Бұл ақша әпкеңдікі ме еді?": Президент қателескен облыс әкімін қатаң сынады

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шавкат Мирзиёев Хорезм әкімі Фарход Ермановты "президент саясатының жауы" деп атады    

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Өзбекстанда жылжымайтын мүлікті сүру соңғы кездегі ең өзекті мәселелердің біріне айналған. Президент Шавкат Мирзиёев тұрғын үйді сүргені үшін Хорезм облысының әкімі Фарход Ермановты қатаң сынға алды.  

"Менің саясатымның ең басты жауы – Хорезм облысының әкімі Ерманов. Ургенч қаласының әкімін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек дегенімде, сен оны қорғап, премьер-министрден оны орнында қалдыруды сұрадың. Міне сен менің қандай "досым" болып шықтың. Егер досым болсаң, қолыңнан келмейтіні бар, бұл орынды неліктен сүріп жатырсың? Міне, интернет қолданушылардың жылжымайтын мүлікті сүруге қатысты пікірін оқы. Сапардан кейін адамдар не деп жатқанын көр. Бұл жерде сенің суретің жоқ, премьер-министрдің суреті тұр, президенттің саясатын қарғап-сілеп жатыр. Соңғы екі жылда маған істегендерің міне осы", — деп ашуланды Шавкат Мирзиёев.

Сондай-ақ ол облыс әкімдігіне сүруге өтемақы мемлекеттік бюджеттен бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.  

"Сүрерден бұрын басыңмен ойла: бұл орынды сүру керек пе, жоқ па... Біз осы арсыздарға қаншама ақша бердік, менен 30−50 миллиард сум алды. Сонда бұл ақша саған не үшін керек болды? Бұл әпкеңнің ақшасы ма еді? Бұл Қаржы министрлігінің ақшасы. Әлде Өзбекстан үшін маңызды бір нәрсе жасадың ба? Ал біреуді жұмыстан шығару, қылмыстық қудалау туралы сөз болғанда, бірден қорғаушы бола қаласың. Мынаны оқып тұрып кабинетімде қалай тыныш отыра аламын ?!", - дейді президент.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Өзбекстан президенті жайлы не ойлайтынын ашық айтты

Шілде айының соңында премьер-министр Абдулла Арипов Ашхабад ауданындағы үйлерді сүру проблемасын шешу үшін Ургенчке келді. Ол өңір басшылығымен, министрліктер мен ведомство басшыларымен кеңес өткізді. Онда Қашқадария облысының әкімі Зафар Рузиев пен Хорезм облысының әкімі Фарход Ерманов өз жұмысында өрескел қателіктер жібергені анықталды. Сондай-ақ премьер халыққа уәде етілген өтемақы төленеді деп мәлімдеді.  

26 шілдеде сүрілген үйіне өтемақы алмаған 200-ге тарта адам Ургенч-Хонка тасжолын жауып тастаған.

Жаңалықтар
0