Аңдатпа

Қазақстанда 5 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столицы
Виды столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 5 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 6 және 7 тамыз күндері болатын оқиғалар туралы біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

11.00 - "Азаматтық қоғамды жаңғыртудағы бітімгердің рөлі" тақырыбына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Жиынға кәсіподақ өкілдері, мектеп, сот, құқық қорғау, әділет органдарындағы бітімгерлер, депутаттар, жастар ұйымдарының мүшелері, ғылыми-сараптамалық топ пен қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қатысады (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 776 266 47 37).

11.00 – Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шаралар қорытындысы бойынша брифинг өтеді (Бейбітшілік көшесі, 19). Аккредитация мына телефондар бойынша жүргізіледі: +7 (7172) 71 62 80, 71 63 75, 71 61 24, 71 61 82, 8 (701) 553 57 63, 8 (701) 795 11 67.

15.00 - "Азия шыңдары" халықаралық көрмесі өтеді. Экспозицияны Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Еуразиялық шығармашылық гильдиясы (Лондон) ұйымдастырады. "Азия шыңдары" – Назира Жеңішбекова-Барриионуэво (Париж), Guli Bost (Лондон) пен алматылық суретші Бибігүл Смақованың ортақ жобасы. Көрмеде 9 жасар суретші Айбике Құбанышбекованың да туындылары болады (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 776 266 47 37).

6 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - XX ғасырдың басындағы Алашорда зиялылары тақырыбына арналған дәріс өтеді. Шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған көрме аясында ұйымдастырылады (Василий Кубрин үйі, Кенесары көшесі, 41).

7 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Танымал корей тобы туралы "BTS: bring the soul. The movie" атты деректі фильмнің тұсаукесері. Еуропа турының ақтық концертінен соң келесі күні Париждегі ғимараттардың бірінің төбесінде BTS тобы жан сырын ақтарып, жаңа қалалардан және мыңдаған ARMY алдындағы концерттерден алған әсерімен бөліседі (Kinopark кинотеатрларында).

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

10.00 – Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Сенімді қабылдау" атты сайыстың ашылу салтанаты.  Сол күні сағат 15.00 пен 18.00 алты аралығында "Мерген" сайысының бірінші кезеңі өтеді. Байланыс әскерлерінің жарысына 5 мемлекет қатысады: Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай. V Халықаралық армия ойындары "АрМИ 2019" тамыздың 3-і мен 17-сі аралығында өтеді (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10.00 - Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Бүркіт аңшылығы" сайысының ашылу салтанаты болады.  Пилотсыз ұшатын аппараттар кешендері жасақтарының жарысына бес мемлекет қатысады: РФ, Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай) (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

10.00 - Халықаралық армия ойындары 2019 аясында "Зеңбіректен ату шебері" сайысының ашылу салтанаты. Мина атқыш жасақтардың жарысына  11 ел қатысады - Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Сирия, Өзбекстан (Қазақстан Қарулы күштері 40-шы Отар әскери базасының Гвардейский полигоны).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0