НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы дүкендердің бірінде тосын жайт болды.
Оқиға куәгерінің айтуынша, әйел адам дүкеннен азық-түлік тонамақ болады, сол сәтте оны күзетшілер ұстап, полиция шақырған екен. Алайда тәртіп сақшылары келіншекті жауапқа тартуға асықпады.
"Бұл әйелді күзетшілер ұстаған болатын. Сөмкесінде ақшасы төленбеген азық-түлік болды. Полицейлер ақысын төлеп берді", - деп жазды куәгер оқиғаның фотосын жариялап.
This woman was being held by security.
— paul bozymowski (@pboz) 4 июля 2019 г.
She had food in her bag she didn’t pay for.
When the NYPD showed up, they paid for her food.
Happy 4th…! #July4th #FourthOfJuly #NYPD pic.twitter.com/zWHV1Fn1Wg
Суретте полицейлердің қайырымдылығына қатты разы болған әйелдің көңілі босап, жылап тұр.
Офицерлер Луи Содзё, Эснайди Куэвас және Майкл Ривера баспасөз мәслихатын өткізіп, болған жайттың анық-қанығын айтып берді, деп хабарлайды LADbible.
"Не болғанын сұрап едім, қарны аш екенін айтты. Сосын сөмкесін тексердім... Сөйтіп, азық-түліктің ақысын төлеп берейік деп шештік ", - дейді офицер Луи Содзё.
Тағы оқыңыз: Жас қыз ұрыны аяғымен қысып, тырп еткізбей ұстап жатты - видео
Луидің сөзіне сүйенсек, 22 жыл полицей болып жүріп, талай рет мұқтаж жандарға азық-түлік алып берген көрінеді. Әріптестері де мұндай қайырымдылықты бірінші рет жасап отырған жоқ.
Нью-Йорктің полиция бөлімі басшысы Теренс Монахан осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Ол полицейлердің жақсылығы жиі ескерілмей қалатынын атап өтіп, суретті әлеуметтік желіде жариялаған тұрғынға алғыс айтты.