Мәдениет

Димаш Құдайберген жаңа әні туралы айтты - видео

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші қытайлық  телехикаяға саундтрек жазған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Әнші Димаш Құдайберген қытайлық "Go, Go Squid" сериалына саундтрек шыққанын хабарлап, фанаттарынан "Couldn't Leave" әні туралы не ойлайтынын сұрады.

"Жуырда қытайлық телехикаяға менің сандтрегім шықты. Сіздерге ұнады деген үміттемін", - деп жазған Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Әннің тұсаукесері 17 шілдеде өтті. Желіде ән толық жарияланды, Eurasian Fan Club фанаттары "Couldn't Leave" әнін орыс тіліне аударды.

"Go, Go Squid" сериалы биыл жазда шықты. Аудармасы - "Алға, Кальмар", телехикаяның атауы басты кейіпкердің лақап атына орайластырылған. Бір сезонда 14 серия бар. 

Жаңалықтар
0