НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы-Ташкент тас жолында жүкті әйелді босандырып алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жұма күні, 2 тамызда ерлі-зайыпты Қордай аудандық перзентханасына жолға шыққан, алайда Алматы-Ташкент тасжолының 183-ші километрінде көліктері бұзылып, жол ортасында тоқтауға мәжбүр болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осы кезде Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының офицерлері кетіп бара жатқан. Қызметтік көліктегі полиция қызметкерлері жүкті келіншек пен оның күйеуін перзентханаға жеткізіп салмақ болады, бірақ оған жете алмаған – жолда әйелдің толғағы басталған.
Тағы оқыңыз: Мұғалімдер Арыста жас әйелді қалай босандырып алғанын айтты
"Полиция қызметкерлерінің көмегімен қызметтік көліктің салонында ер бала дүниеге келді", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Көп ұзамай жедел жәрдем бригадасы келіп, ана мен баланы перзентханаға жеткізді.