Қоғам

Тоқаев елордада көз жұмған арыстық баланың ата-анасына көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық дәрігерлер сегіз жасар баланың өмірі үшін бір ай күресті

АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ауруханада көз жұмған арыстық баланың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!", - деп жазды Тоқаев.

Еске сала кетсек, сегіз жасар бала екінші тамызда Нұр-Сұлтандағы ауруханалардың бірінде көз жұмды. 28 маусымда Арыс-Монайтас жолында Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі баланы соғып, апат орнынан қашып кеткен. Оқушы Шымкенттің балалар ауруханасына түседі, ал кейін санавиациямен елордаға жеткізіледі.

Арыстағы трагедия

24 маусымда таңертең сағат ондар шамасында Арыстағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары дереу көрші аудандар мен Шымкентке көшірілді. Жарылыстар тоқтаған соң 28 маусымда үйлеріне қайта бастады.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза болды: қала тұрғыны, екі әскери және екінші тамызда елордалық ауруханада көз жұмған бала.

Жаңалықтар
0