Аңдатпа

Қазақстанда 4 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 4 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 5 және 6 тамыз күндері болатын оқиғалар туралы біле аласыз

4 тамызға жоспарланып отырған шаралар

АЛМАТЫ

09.00 - TEMIRADAM кубогының VIII кезеңі басталады (Age Group санаты (әуесқойлар).

14.00 - Age Group санатындағы атлеттерді марапаттау рәсімі және Temiradam кубогының кезеңі - VІІІ Азия кубогының жабылуы (Сайран көлі,  Төле би көшесі, 290. Байланыс телефоны:  +7 777 306 77 11).

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

15.00 - Тәлімгерлік кемпинг: "Жұлдызды жандыр!". Жиында жастар мен кәсіпкерлер бас қосады. Өз ісін бастаған жас кәсіпкерлерге тәлімгер болу мәселесі талқыланады. Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов, қоғам қайраткері Нұрлан Жазылбеков пен KAZBRANDS ҚҚ жетекшісі Жанна Кәйкенова сөз сөйлейді. Шара 4-7 тамыз аралығында өтеді (Баянауыл ұлттық паркі, "Жан" демалыс аймағы (Жасыбай көлі). Аккредитациядан +7 702 449 25 27 телефон нөмірі немесе  madi_mukhamedkali@mail.ru электронды поштасы арқылы өтуге болады).

5 тамызға жоспарланып отырған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 - "Азаматтық қоғамды жаңғыртудағы бітімгердің рөлі" тақырыбына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Жиынға кәсіподақ өкілдері, мектеп, сот, құқық қорғау, әділет органдарындағы бітімгерлер, депутаттар, жастар ұйымдарының мүшелері, ғылыми-сараптамалық топ пен қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қатысады (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 776 266 47 37).

11.00 – Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шаралар қорытындысы бойынша брифинг өтеді (Бейбітшілік көшесі, 19). Аккредитация мына телефондар бойынша жүргізіледі: +7 (7172) 71 62 80, 71 63 75, 71 61 24, 71 61 82, 8 (701) 553 57 63, 8 (701) 795 11 67.

15.00 - "Азия шыңдары" халықаралық көрмесі өтеді. Экспозицияны Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Еуразиялық шығармашылық гильдиясы (Лондон) ұйымдастырады. "Азия шыңдары" – Назира Жеңішбекова-Барриионуэво (Париж), Guli Bost (Лондон) пен алматылық суретші Бибігүл Смақованың ортақ жобасы. Көрмеде 9 жасар суретші Айбике Құбанышбекованың да туындылары болады (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 776 266 47 37).

6 тамызға жоспарланып отырған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - XX ғасырдың басындағы Алашорда зиялылары тақырыбына арналған дәріс өтеді. Шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған көрме аясында ұйымдастырылады (Василий Кубрин үйі, Кенесары көшесі, 41)

Жаңалықтар
0