Қоғам

Мектеп формасын қалай таңдау керек – бас санитарлық дәрігер кеңес берді

© Sputnik / Абзал КалиевШкольная форма в Казахстане
Школьная форма в Казахстане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектеп формасы табиғи матадан тігілуі шарт: жүн, мақта, зығыр немесе жібек

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп формасын таңдау бойынша кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ата-аналар мектеп формасы мен аяқ киімді дұрыс таңдаса, балалар сабақ кезінде ештеңеге алаңдамайды. Сондықтан ыңғайлы әрі сапалы киім алған дұрыс. Сонда аллергиялық реакция да болмайды.

"Балалар мектепте алты сабақтан артық уақыт отырады. Сол себепті форма табиғи талшықтардан тұратын матадан тігілуі шарт. Олар - жүн, мақта, зығыр және жібек. Ал сапасыз форма болса, балалар емін-еркін жүре алмайды. Себебі ондай матадан ауа өтпейді", - деді Бекшин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бас санитардың сөзіне қарағанда, сапалы форманың сыртқы киімінде табиғи талшықтардың мөлшері кем дегенде 35 процент болуы қажет. Ал ішкі жағы 100 процент болуы шарт. Бұл – мектеп формасының стандарты. Ол барлық гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.

Тағы оқыңыз: 2019 жылғы грант иегерлерінің толық тізімі жарияланды

"Ал аяқ киім табиғи былғарыдан жасалуы керек. Әрине, ауыстырып киетін аяқ киімді де алғанымыз дұрыс. Қыздардың аяқ киімінде міндетті түрде өкше болуы қажет. Оның орташа биіктігі - 3,5 сантиметр. 4 сантиметрден аспауы керек. Балалар өкшесіз аяқ киім кисе, жалпақ табан қалыптасуы әбден мүмкін. Спорттық аяқ киім, кеды мен чешкиді екінші аяқ киім ретінде пайдалануға болмайды", - деп атап өтті Бекшин.

© SputnikМектеп формасына қойылатын талаптар
Мектеп формасын қалай таңдау керек – бас санитарлық дәрігер кеңес берді  - Sputnik Қазақстан
Мектеп формасына қойылатын талаптар

 

Жаңалықтар
0