Әлем

Бокстан әлем чемпионының туған қызын бірнеше жыл зорлағаны дәлелденді

© Photo : Jeevanқыз бала
қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал боксшының әйелі күйеуінің үстінен полицияға төрт жыл бұрын арыз түсірген

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз — Sputnik. 48 жастағы аргентиналық боксшы Карлос Бальдомир туған қызын зорлағаны үшін 18 жылға сотталды.

Сот орта салмақтағы экс-чемпионның өз қызын 8-9 жасында бірнеше рет зорлағанын дәлелдеді, деп жазады orldboxingnews.net.

Карлос Бальдомирдің бұрынғы әйелі құқық қорғау органдарына 2016 жылы арызданған, бірақ тек 2019 жылы Санта-Фе соты үкім шығарып, боксшыны 18 жылға соттады.

Сотта ер адам тәртіпсіздік көрсетіп, жұртқа ортаңғы саусағын көрсетіп, балағат сөздер айтқан.

Карлос Бальдомир – орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Ол спорттағы карьерасын 2014 жылы аяқтады. Кәсіптік бокста 49 рет жеңіп, 16 жекпе-жекте жеңілген. Ол жұдырықтасқан боксшылардың ішінде Флойд Мейвезер, Сауль Альварес және Вернон Форрест бар.  

Тағы оқыңыз: Интернатта оқушыны бір жыл бойы зорлаған: күдікті ақталып шықты

Жаңалықтар
0