Әлем

Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Жоомарт УраимовЖенская драка
Женская драка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
46 жастағы әйелге адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген айып тағылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде — Sputnik. Тәжікстанда енесінің қорлығына төзе алмаған келін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлады Тәжікстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

46 жастағы әйел баласы үйленгелі келініне күн көрсетпеген. Ол бір жыл бойы қызды кемсітіп, қорлап келген.

"Әйел келінінің намысына тиіп, қатыгездік танытқан. Мұндайға төзе алмаған келіншек өз-өзіне қол жұмсаудан басқа шешім таппаған", - деп жазылған хабарламада.

Тағы оқыңыз: Желіде келін мен ененің "жекпе-жегі" тарады

Келіншек үйден шығып, көпірден өзенге секіріп кеткен. Алайда өтіп бара жатқан адам құтқарып алыпты. Енесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0