Аңдатпа

Қазақстанда 1 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда келбеті
Елорда келбеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 1 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 2 және 3 тамыз күндері болатын оқиғалар туралы біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

Астана процесі аясында Сирия мәселесі бойынша 13-ші халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу өтеді (Аккредитация: +7 (7172) 72 02 36 телефон нөмірі немесе press@mfa.kz электронды поштасы арқылы жасалады) - кездесудің нақты уақыты мен орны әлі белгісіз.

10.00 – "Адамдарды басқару" тренингі. Ұйымдастырушысы - "Самұрық-Қазына" корпоративті университеті. ("Q2" бизнес орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 15/1. Байланыс телефоны: + 7 (7172) 79 95 99).

10.00 – Семей форумы. Шараға мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, астаналық отбасылар қатысады. (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52, Аккредитация: +7 707 926 07 96 немесе 7782597@inbox.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

11.00 – "ҚР машина жасау саласын дамыту бойынша жол картасы" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, мәжіліс депутаттары, "Қазақстан машина жасаушылары одағы" ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев қатысады. (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6, Аккредитация: +7 (7172) 74 58 64 және press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады)

20.00 – Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында "Астана" – "Санта-Колома" (Андорра) матчы өтеді. (Аккредитация: +7 (701) 379 16 36 немесе esterenko@fcastana.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

11.00 – "Мектепке жол" республикалық акциясы өтеді. Шараға қалалық мәслихат депутаттары, ұлттық компания, банк, қоғам өкілдері, кәсіпкерлер қатысады. Акция аясында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балалаларына мектепке қажетті заттар беріледі. ("Nur Otan" партиясы Әуезов аудандық филиалының конференц-залы, Төле би көшесі, 277. Байланыс төлефондары +7 747 459 01 03, +7 708 768 17 86).

11.00 – Тұрмысы төмен және көпбалалы аналарға арналған әлеуметтік жобаның салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шара аясында 8 жаңа салынған үй пайдалануға беріледі. (Гүлдала кенті, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 90, аккредитация: +7 702 717 71 18).

12.00 - Almaty ASTC Triathlon Asian Cup 2019 триатлоннан Азия кубогына арналған баспасөз мәслихаты (Business Hotel Almaty қонақ үйі, Райымбек даңғылы, 298а. Аккредитация +7 (727) 346 85 64, + 7 (702) 677 4280 телефон нөмірлері немесе andrey.z@almatytriathlon.org электронды поштасы арқылы жасалады).

18.00 - Sabyrzhanayrin Fest. Оған танымал қазақстандық орындаушылар келеді. Олардың ішінде Қайрат Нұртас, Райм мен Артур, Darkhan Juzz, Ирина Кайратқызының шоуы, Ерболат Құдайберген, Салтанат Құдайберген, Flame Stars бишілері және тағы басқалар бар. (Sunkar трамплин кешені маңайында, Әл-Фараби даңғылы, 128/8).

11.00 – көлік қызметкелері күніне арналған көрме өтеді. Шара аясында Алматы музей қорынан алынған суреттер мен фото құжаттар қойылады. (ҚР темір жол көлігі музейі, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 127, Байланыс телефоны: +7 (717) 296 49 49).

2 тамызға жоспарланып отырған шара

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Сиқырлы сөздер" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

АЛМАТЫ

10.00 – "Ұлы дала өрнектері" көрмесі өтеді. Картиналар Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі қорынан алынады. Көрме тамыздың соңына дейін ұйымдастырылады. (Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі, Көктем-3 шағын ауданы, 22/1, Байланыс телефондары 7 (327) 394 57 18).

3 тамызға жоспарланып отырған шара

НҰР-СҰЛТАН

08.00 – көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған шара өтеді. Шара аясында үздік қызметкерлер марапатталып, "Мен қалам үшін не жасай аламын?" акциясы, әрі жастар арасында флэш-моб ұйымдастырылады. (Ботаникалық саябақ. Аккредитация: +7 (717-2) 98 35 98 немесе komitettransport@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

10.00 – CAC-СКК Қазақстан иттер көрмесі өтеді. Шараны "АРКО және К" кинология және фелинология орталығы ұйымдастырады. ("Четыре Лапы" дүкені, Иманов көшесі, 4, Байланыс телефондары  +7 (7172) 21 97 11, +7 701 410 44 14).

16.00 – "Ғылым жолындағы өмір – Қазақстан тарихындағы Санжар Асфендияровтың орны" лекциясы өтеді. Шара "Воспоминания. Диалоги памяти" және Astana Art Show саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу көрмесі аясында өтеді (Василий Кубрин үйі, Кенесары көшесі, 41).

Жаңалықтар
0