Қоғам

Алматы облысындағы түрмеде сотталғандарды азаптады: Тоқаев тапсырма берді

© Sputnik / Абзал КалиевПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании правительства
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на расширенном заседании правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы ішкі істер министрлігіне түзету мекемесін жаңғыртуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде — Sputnik. Президент бас прокурорға Алматы облысындағы Заречный ауылындағы түзету мекемесіндегі жағдайды жан-жақты тергеуді тапсырды.

"Түзету мекемесінің бес қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-ге түзету мекемесін жаңғырту тапсырылды", - деп жазды Тоқаев.

Ол мұндайға жол бермеу үшін азаматтық бақылауды күшейту керек екенін айтты.

Түзету мекемесінде болған жағдай

Бұған дейін желіде Заречныйдың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде түсірілген видео тарап кетті. Жазбада жазасын өтеушілердің бірінің еденде жатқаны, ал екіншісін қолдарынан асып қойғаны көрінеді. Қызметкерлер олардан арыз жазбауды талап еткен.

Мекеме басшысы мен жеті қызметкер жұмысынан босатылды. Екеуі - мекеме басшысының орынбасары. 

Түзету мекемесінің бес қызметкері ұсталды. Екі қылмыстық іс қозғалды. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы уақытқа дейін 40 видео мен аудио жазба зерделеніп, сотталғандарға зорлық көрсету фактілері расталғанын айтқан болатын.

Жаңалықтар
0