НҰР-СҰЛТАН
09.00 – көлік комитеті орталығының таныстырылымы өтеді. Орталық көлік заңнамасын бұзу фактілерін анықтайды. Көлік бақылау бекеттерінің жұмысын бақылайды ("Транспорт Тауэр", Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 709 кабинет. Аккредитациядан +7 (7172) 98 33 51 телефон нөмірі немесе 241704@bk.ru электрондық поштасы арқылы өтуге болады).
10.00 - автокөлік жолдары, көлік бақылау, темір жол билеттерінің тапшылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған жиын өтеді ("Транспорт Тауэр", Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 709 кабинет. Аккредитациядан +7 (7172) 98 33 51 телефон нөмірі немесе 241704@bk.ru электрондық поштасы арқылы өтуге болады).
10.00 –"Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әйелдердің рөлі" тақырыбына арналған "дөңгелек үстел". Оған Қазақстанның іскер әйелдері қатысады. (Мәңгілік Ел, 55/21, блок С3.2, "Лондон" залы. Аккредитацияны +7 (7172) 64 40 85 және +7 701 575 1055 телефондары арқылы жасауға болады).
15.00 - "Әлеуметтік жобаларды желіде таныстыруға" арналған дөңгелек үстел өтеді. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен астаналық үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысады. Шара Facebook, Instagram және Youtube-те "Астана адалдық алаңы" жобасының парақшасында онлайн көрсетіледі (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Аккредитация: +7 (708) 625 68 46).
18.00 - "Шағын және орта бизнеске салық салу: жеңілдіктер, айыппұлдар мен қауіп-қатерлер" тақырыбында ашық семинар өтеді (Astana Business Campus, Назарбаев университет, Қабанбай батыр даңғылы, 53).
20.00 – Еуропа лигасы аясындағы іріктеу матчы - "Астана" – "Санта Колома" (Андорра). (Аккредитация +7 701 379 16 36 немесе esterenko@fcastana.kz электронды поштасы арқылы жасалады).
АЛМАТЫ
10.00 - Central Asia"s Got Talent ("Орталық Азия таланттарды іздейді") жаңа телевизиялық шоуына іріктеу басталады. Бұл шоуда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елінің өнерпаздары бақ сынасады. Жеңімпаз ақшалай сыйақыға ие болады. Central Asia"s Got Talent төрт елдің "Хабар", "Zoʻr TV", "КТРК" және "ТВ Сафина" телеарналарынан көрсетіледі. Шоудың премьерасы 2019 жылдың қыркүйек айында болады. Гранд-финал желтоқсанда өтеді (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай Хан даңғылы, 38. Байланыс телефоны: +7 (7172) 75 75 53).
11.00 – "Қажылыққа баратындардың арасында жұқпалы аурулардың алдын алуға" арналған дөңгелек үстел өтеді (Әуезов көшесі, 84. Байланыс телефоны: +7 (708) 556 67 33).
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
20.00 - өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты. Елдің әр өңірінен 18 команда келеді. Барлығы 299 қатысушы болады. Жеңімпаздар 3 тамыз күні марапатталады ("Салтанат сарайы", Нұрсая шағын ауданы. Аккредитация:+7 (7122) 55 83 03, +7 (778) 995 63 61).
1 тамызға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
Астана процесі аясында Сирия мәселесі бойынша 13-ші халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу өтеді (Аккредитация: +7 (7172) 72 02 36 телефон нөмірі немесе press@mfa.kz электронды поштасы арқылы жасалады) - кездесудің нақты уақыты мен орны әлі белгісіз.
10.00 – "Адамдарды басқару" тренингі. Ұйымдастырушысы - "Самұрық-Қазына" корпоративті университеті. ("Q2" бизнес орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 15/1. Байланыс телефоны: + 7 (7172) 79 95 99).
АЛМАТЫ
12.00 - Almaty ASTC Triathlon Asian Cup 2019 триатлоннан Азия кубогына арналған баспасөз мәслихаты (Business Hotel Almaty қонақ үйі, Райымбек даңғылы, 298а. Аккредитация +7 (727) 346 85 64, + 7 (702) 677 4280 телефон нөмірлері немесе andrey.z@almatytriathlon.org электронды поштасы арқылы жасалады)
18.00 - Sabyrzhanayrin Fest. Оған танымал қазақстандық орындаушылар келеді. Олардың ішінде Қайрат Нұртас, Райм мен Артур, Darkhan Juzz, Ирина Кайратқызының шоуы, Ерболат Құдайберген, Салтанат Құдайберген, Flame Stars бишілері және тағы басқалар бар. (Sunkar трамплин кешені маңайында, Әл-Фараби даңғылы, 128/8).
2 тамызға жоспарланып отырған шара
НҰР-СҰЛТАН
12.00 – "Сиқырлы сөздер" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).
Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.