Саясат

Бес тілді жетік меңгерген Ғани Нығыметов жаңа қызметке тағайындалды

© Photo : официальный сайт Евразийского национального университета имени Гумилева Завотделом внутренней политики Администрации президента Гани Ныгыметов
 Завотделом внутренней политики Администрации президента Гани Ныгыметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Ғани Нығыметов Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Ғани Нығыметов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Ғани Нығыметов туралы не білеміз?

Ғани Нығыметов 1983 жылдың 22 тамызында Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. 

2005 жылы "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. 2007 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Монтерей халықаралық зерттеулер институтында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды. 

2014 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде executive MBA болды. АҚШ-тың Дьюк университеті сынды жоғары оқу орындарын бітірді. 

Бес тілді жетік меңгерген: қазақ, орыс, ағылшын, хинди және неміс тілі.

Еңбек жолын БҰҰ даму бағдарламасының штаб-пәтерінде бастады, Нью-Йорктегі Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік бюросында жұмыс істеді. 

Тағы оқыңыз: Президент жаңа көмекшісін тағайындады

Әр жылдары "Назарбаев Университетіндегі" халықаралық әріптестік департаментінің директоры, НУ "Энергетикалық даму орталығының" даму жөніндегі бас директорының орынбасары, "Nazarbayev University Research and Innovation System" бизнесті дамыту жөніндегі директоры, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті, "Стратегиялық бастамалар орталығы" ЖШС атқарушы директоры, Еуразиялық интеграция институтының директоры, ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0