НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Алматыда қарт кісіні көлік қағып өлтірді, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.
Қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні Алтынсарин көшесінде Абай даңғылына жетпей болған.

Жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған
© Sputnik / Стрингер
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Mercedes C Алтынсарин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқанда, екі жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болады. Жүргізуші тоқтап үлгермей, бар жылдамдықпен ер адамды қағып кетті.
Тағы оқыңыз: Алматыда балалар мінген автобус жол апаты ұшырады
1948 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Ал әйел адам ауруханаға жатқызылды.
