Өңірлер

Түркістан облысында оқушы зорланды: күдіктінің неге ақталғаны белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинОқушылар, архивтегі фото
Оқушылар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот процесінде прокурор айыптау туралы жеткілікті дәлелдер базасын ұсына алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Түркістан облыстық соты Жылға ауылындағы мектеп-интернатта оқушыны зорлады деп айыпталған күдіктінің ақталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осыған дейін зардап шегушінің адвокаты Айман Омарова 13 жастағы баланы интернатта тұратын оқушылар бір жыл бойы зорлағанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, зорлықшылар кәмелет жасқа толмаған, бірі он жетіде, екіншісі 13-те.

Екінші бала қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа (14 жас - Sputnik) жетпегендіктен оған қатысты іс тоқтатылған.

Түркістан облыстық соты Sputnik Қазақстан тілшісінің ресми сауалына жауап бере отырып, 17 жастағы күдіктіге оқушыны "бірнеше рет зорлады" деген айып тағылғанын растады.

"Сотқа дейінгі тергеу органы Ж.Т-ға 2016 жылы 6-7 қыркүйек күндері, 2017 жылы 13 мамыр, 2018 жылы 19 наурыз және 1 маусым күндері 13 жастағы жәбірленушіге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін бірнеше рет жасаған) бойынша айып тақты", - делінген облыстық соттың ресми жауабында.

Егер сотталушының айыбы дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылар еді. Алайда облыстық сот прокурордың дәлелдері аз болып, күдіктінің ақталғанын жеткізді.

"Алқабилердің қатысуымен өткен сот процесінде прокурор айыптау туралы жеткілікті дәлелдер базасын ұсына алмаған. Көптеген сот-генетикалық сараптама нәтижесі айыпталушының кінәсіз екенін растады", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Интернатта оқушыны зорлады деп айыпталған күдікті ақталып шықты

Нәтижесінде 2019 жылдың 25 маусымында Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық соты 16 жастағы Ж.Т-ны тағылған айыптар бойынша кінәсіз деп танып ақтаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Түркістан облыстық соты үкім заң бойынша жоғары сатылы сотта тексерілуі мүмкін екенін хабарлады.

"Жәбірленушінің қорғаушысы үкімге шағым келтірді және облыстық прокуратураға апелляциялық өтініш түсірді. Қазіргі таңда іс Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасында қаралып жатыр", - деп түсіндірді облыстық сот.

Айта кетейік, осыған дейін зардап шеккен баланың адвокаты Айман Омарова күдіктілердің жазадан құтылып кеткенін мәлімдеп, Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген.

Оның пікірінше, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №12 мектеп-интернатында 13 жастағы оқушыдан бөлек, бір ұл мен төрт қыз зорланған.

Адвокат БАҚ арқылы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа үндеу жолдады.

Жаңалықтар
0