Саясат

Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысты тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневТұрғын үй, архивтегі фото
Тұрғын үй, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы "Бақытты отбасы" бағдарламасы "Бәйтерек" холдингінің негізгі басымдықтарының бірі болуы тиіс екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпхановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына холдингтің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметі мен одан әрі даму жоспары туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, президентке "Бәйтерек" холдингінің "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыруға қатысуы туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік жағдайы төмен топтағы азаматтарға арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысы, ШОБ-ты қолдау, елдің экспорттық әлеуетін және "қарапайым заттар" экономикасын дамыту, Қазақстанның Даму Банкі желісі бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі холдингтің атқарған жұмыстары туралы мағлұмат берілді.

Тағы оқыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы қалай баспана алуға болады – видео 

Мемлекет басшысы холдингтің негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс "Бақытты отбасы"тұрғын үй бағдарламасын сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, президент шағын және орта бизнесті дамыту бойынша холдингтің қызметін жандандыруды тапсырды.

Баспанаға жеңілдетілген кредит кімдерге беріледі 

"Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасы табысы төмен отбасыларға 2%-пен жеңілдетілген кредит алуға мүмкіндік береді.

Арзан кредит көпбалалы отбасылар, толық емес және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға беріледі.

Жылдық мөлшерлемесі - 2%, бастапқы жарна мөлшері қарыз сомасының 10 процентін құрайды. Егер бастапқы жарнаны 10%-тен артық құйсаңыз, ай сайынғы төлем де аз болады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырауда қарыздың ең жоғары сомасы – 15 миллион теңге. Қалған қалаларда – 10 миллион теңге.

Жаңалықтар
0