Қоғам

Баян Алагөзова XXXXL өлшемді киім киетін жігіт іздеп жатыр

© Sputnik / Ксения ВоронинаБаян Алагөзова, архивтегі фото
Баян Алагөзова, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жаңа фильмдегі басты рөл үшін аса ірі өлшемдегі кейіпкер қажет  

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова (Мақсатқызы) өзінің жаңа жобасындағы басты рөлдердің біріне кастинг жариялады. Түсірілімге 60 өлшемді киім киетін жігіт керек.

Тағы оқыңыз: Баян Алагөзова Қарақат Әбілдинаға "Секс ауылда" сериалына түсуге ұсыныс жасады 

"Достар, толықметражды фильм түсіру үшін басты рөлдердің бірін сомдаушыны іздейміз. Егер сіздің өлшеміңіз XXXXL (60 өлшемді)  болса және қатты танымал болғыңыз келсе, жасыңыз 30-дан аспаса, сізді кастингте күтеміз. Алайда алдымен өз парақшаңызда #япончиккз хэштэгімен фотоңызды жүктеңіз және телефон нөміріңізді қалдыруды ұмытпаңыз. Бәріңізге сәттілік!", - деп жазды Алагөзов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Айта кетейік, талап етіліп отырған өлшемдегі актер Қазақстанда бар – Фархат Әбдірайымов. Бірақ биыл ол 53 жасқа толады.  

Жаңалықтар
0