Өңірлер

Шымкентте толғағы қысқан келіншек пен дәрігер билеп жүр - жұртты таңғалдырған видео

CC0 / Astrid Pereira / жүкті әйел
жүкті әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушылары босанғалы жүрген әйелдерге көмектесетін бұл әдіс туралы жағымды пікірлер жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Желіде Шымкенттегі перинаталдық орталықта аяғы ауыр келіншек, дәрігер мен медбикенің биі түсірілген видео тарап кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент ГПЦ (мкр.Нурсат) (@gpc_nursat)

"Видеодағы Гаухар деген келіншек босанғалы жүр. Бидің арасында оның толғағы қысып қалады. Оның толғағы басылғанша күтеміз, сосын қайта билейміз. Нәтижесінде ол тез және жеңіл босанды", - дейді перинаталдық орталықтағылар.

Гаухар қыз дүниеге әкелді, үйде тағы бес баласы бар екен. Перзентханадағылар дәрігер Дәулет Сатовтың бұл челленджді бірінші болып қолдағанын жеткізді.

Айта кетсек, бұл челленджді бразилиялық акушер-гинеколог Фернандо Гудес да Куньи бастаған болатын. Ол босануға дайындалып жүрген әйелдермен билеп, желіде танымал болған еді.  Дәрігерлердің айтуынша, ырғақты би толғақ кезіндегі ауруды бәсеңдетіп, болашақ аналардың көңіл-күйін көтереді.

Жаңалықтар
0