Өңірлер

Алматы облысы тұрғындары бас көтерді: халықтың ашуына тиген не?

© Sputnik / Абзал КалиевПлатные дороги в Казахстане
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рұқсат етілмеген митингіні ұйымдастырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 шілде — Sputnik. Алматы облысы Бақтыбай ауылының тұрғындары республикалық тас жолды жауып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ауыл тұрғындарының рұқсат етілмеген митингісі әлеуметтік желілерде жарияланған. Видеода оннан астам адам елді мекен арқылы өтетін Алматы – Өскемен тас жолын жауып, көліктерді өткізбей жатыр.

Тағы оқыңыз: Атырау - Астрахань жолын салып жатқан жұмысшылар күтпеген жайтқа тап болды

Талдықорған түбіндегі Бақтыбай ауылының тұрғындары бұл әрекетімен жолды жөндеу сапасына көңілі толмайтынын жеткізді. Бірақ полицияның айтуынша, мұндай жайт бірінші рет болып отырған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec_insta)

Ауыл тұрғындары автожолдың үйлердің тура қасында салынғанына наразы. Олар мұның қауіпті екенін алға тартады – мәселен, трасса маңындағы үйлерді су басуы мүмкін немесе жол апаты болса, қандай да бір жүк көлігі үйлерге бір-ақ соғылуы ықтимал.

Жергілікті билік өкілдері халықпен кездесті. Қандай шешім қабылданатыны әлі белгісіз. Полицейлер көлік қозғалысын әрең дегенде қалпына келтірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec_insta)

"Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары рұқсат етілмеген акцияның қатысушыларына заңға қайшы әрекет етуге болмайтынын түсіндіріп, адамдарды жолдан ығыстырып, көлік қозғалысын қалпына келтірді. Ауыл тұрғындарымен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де кездесіп, халықтың арыз-шағымын тыңдап, қазір елді мекеннің проблемаларын шешумен айналысып жатыр", - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар тағы да митингіге шықты - видео

Ведомство мәліметінше, рұқсат етілмеген акцияны ұйымдастырғандар мен белсенді қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жаңалықтар
0