НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде — Sputnik. Беларустық актриса Виктория Никонова Аляскада Текланика өзенінен өтіп бара жатқан кезде суға түсіп кетіп қаза болды.
24 жастағы қыз күйеуімен бірге кезінде әйгілі саяхаттанушы Кристофер Маккэндлесс тұрған автобусқа бармақшы болған. Бұл туристердің сүйікті орны болып саналады. Текланика өзенінен өтіп бара жатқан кезде Верониканың аяғы тайып кетіп, суға құлаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзен ағысы қатты болғандықтан қыз өздігінен жүзіп шыға алмайды. Дереу әйелін құтқаруға ұмтылған Петр Маркелов оны жағаға алып шығады, бірақ ол жан тапсырып үлгереді, деп хабарлайды Sputnik Беларусь.
Вероника Никонова Минскіде туып, театр мектебін бітірген. 13 жасында Александр Коттың "Брест қамалы" фильмінде басты рөлдердің бірін ойнады. Бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа көшіп кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram