Қоғам

Түркістан облысындағы интернатта оқушыны бір жыл бойы зорлаған: күдікті ақталып шықты

© Sputnik / Ксения ВоронинаМальчик
Мальчик - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен баланың адвокаты күдіктілердің жазадан құтылып кеткеніне қынжылады

АЛМАТЫ, 26 шілде — Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Жылға ауылындағы мектеп-интернатта оқушыны зорлады деп айыпталған сотталушыны ақтады, деп хабарлайды жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова.

Прокурор істің анық-қанығына жетіп, тергеу жүргізгенімен, алқа билер сотталушыны ақтап алды, деді Омарова Алматыдағы баспасөз мәслихатында.

"Судья алқа билердің шешіміне сүйенді. Екінші зорлықшыға келер болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа (14 жас - Sputnik) жетпегендіктен оған қатысты іс тоқтатылды", - деп атап өтті адвокат.

Омарованың сөзіне сүйенсек, Сарыағаш ауданы Жылға ауылындағы көршілес елді мекендердің балалары оқитын мектеп-интернатта оқушы бірнеше рет зорланған.

Тағы оқыңыз: Жынысын ауыстырған жігітті түрмеде зорлап тастады

"Бұл интернатта тұратын оқушылар бір жыл бойы жасөспірімді зорлап келген. Біреуі ересектеу, екіншісі баламен жасты", - дейді ол.  

Оның айтуынша, айыпталушы кәмелеттік жасқа толмаған, он жетіде. Ал екінші күдіктінің жасы 13-те. Жәбірленуші бала да он үш жаста екен.

Омарова атап өткендей, бұл жасөспірім сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған жалғыз бала емес. Кем дегенде тағы бесеуі – бір ұл мен төрт қыз зорланған.

Адвокат БАҚ арқылы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа үндеу жолдады.

Жаңалықтар
0