НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Астана әкімі мемлекет басшысына 2019 жылдың бірінші жартысындағы Нұр-Сұлтанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Бауыржан Байбекке халық үшін маңызды тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке бірқатар маңызды тапсырма берді. Атап айтқанда президент қаладағы салынып жатқан құрылыс нысандарының қарқынын күшейтуді тапсырды.
Сонымен бірге мемлекет басшысы қолжетімді баспана салу, инвестиция тарту ісін жандандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын жақсарту қажеттігін атап өтті.
© Photo : Ақорда сайтынан алынғанПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов
© Photo : Ақорда сайтынан алынған