Қоғам

Адамның түбіне жететін аса қауіпті паразит жылдам тарап жатыр

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСотрудница лаборатории
Сотрудница лаборатории - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл саңырауқұлақтар жүрек пен ми қызметінің бұзылуына әкеп соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Жердегі климаттың өзгеруіне байланысты аса қауіпті паразит тарап жатыр. Бұл туралы Нидерланды мен АҚШ ғалымдары хабарлады.

Зерттеушілердің айтуынша, негізінде саңырауқұлақтар адам ағзасының температурасында дами алмайды. Алайда жаһандық климаттың жылынуы Candida auris саңырауқұлағына 37 градуста өмір сүруге мүмкіндік береді, деп жазады Science Alert басылымы.

Ғалымдар адамның иммун жүйесі осы бір қауіпті инфекциямен күресіп жатқанын айтты.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар адамның ажалы келгенін білдіретін қауіпті белгіні атады

"Мықты" саңырауқұлақ осыдан 10 жыл бұрын анықталған, әлемнің 30 елінде тіркеліпті.

Ғалымдардың деректеріне сүйенсек, Candida auris саңырауқұлағы адам ағзасына түскен соң, қан айналымы жүйесін бұзып, жүрек пен ми қызметінің бұзулына әкеп соғады. Инфекцияны жұқтырған адамдардың 30-60%-і көз жұмады.

Жаңалықтар
0