АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Алматыда BMW 525 көлігі ішінде балалар отырған автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты Сүйінбай даңғылында жаяу жүргіншілер жолында болған.

Алматыда BMW мен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар
© Sputnik / Стрингер
Балаларды демалысқа апара жатқан автобустың жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында тоқтап, адамдарды өткізе бастайды. Осы мезетте автобустың артына жоғары жылдамдықпен келе жатқан BMW 525 соғылады.
Қатты соққыдан автобус жолдың шетіне ұшып кетіп, бағанаға соғыла жаздаған.

Алматыда BMW мен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар
© Sputnik / Стрингер
Автобустың ішінде жүргізуші мен 10 бала отырған. Олар зардап шеккен жоқ. Ал BMW 525 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысын жедел жәрдем түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізді.

Алматыда BMW мен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар
© Sputnik / Стрингер
