Қоғам

Тоқаев жазда пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасайтындарға шүйлікті

© Sputnik / Тимур БатыршинЖолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар жаз мезгілінде кассаларда пойыз билеттерінің болмауына жиі шағымданады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасау проблемасын шешуді тапсырды. Бұл туралы ол Twitter-дегі жеке парақшасында жазды.  

"Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр", - деп жазды мемлекет басшысы.  

​Өткен жылдың жазында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (қазір бұл екі бөлек агенттік – Sputnik) құпия сатып алушылары неліктен билет кассаларында жол жүру құжаттарын сатып алу мүмкін емес екенін анықтау үшін теміржол билеттерін делдалдардан сатып алған болатын.

Тағы оқыңыз: 1 шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгерді 

Қолдағы билеттер көбінесе 50% -ға қымбат болатыны белгілі болды, әсіресе адамдар жиі қатынайтын бағыттарда баға екі есеге дейін өсуі мүмкін. Негізінен алыпсатарлар –  жеке тұлғалар.

Жаңалықтар
0