НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының жолдарында патрульдік полиция авкөліктерінің макет-муляждары пайда болды, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Муляждар айнытпай жасалған, алыстан шын көлік секілді көрінеді. Жүргізушілер бұл патрульдік полиция экипажының тұраққа орнатып қойған макеті екенін жақындағанда бір-ақ түсінеді.
Қазіргі таңда осындай төрт муляж қойылған. Олар қала сыртындағы ең қауіпті учаскелерде орнатылып жатыр, мұнда жүргізушілер жол қауіпсіздігі үшін жылдамдықты баяулатуы қажет.
Тағы оқыңыз: Оралда полицейлер төбелескені үшін жұмыстан қуылды
Статистика көрсеткендей, Шығыс Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының үштен біріне жылдамдықты асыру себеп болады. 2019 жылдың алты айында 394 жол апаты тіркелсе, оның 124-і белгіленген жылдамдықты асырудан болған.