Қоғам

Ұлттық кеңес жер мәселесін талқылайды – үкімет

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуСельское хозяйство
Сельское хозяйство - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылдың соңына қарай жер мәселесі жаңадан құрылған кеңеске ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Қазақстан прездиденті жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жер мәселесі қаралады. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Келесі мәселе – ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторийі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылды. Осы мәселелерді жұртшылықпен талқылау үшін өңірлерді аралау кестесі бекітілді. 2019 жылдың соңына қарай бұл мәселе Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсынылатын болады", - деді Қасымбек үкімет отырысында.

Тағы оқыңыз: Жер шетеліктерге сатылмайды - Тоқаев

Оның айтуынша, жерді сату мәселесі қаралмайды.

"Жер шетелдіктерге, жалпы, ешкімге сатылмайды. Қазір айналымға кірмей жатқан жерлер бар ғой. Тиімді пайдаланылып жатқан жоқ. Сол жерлерді қазақстандықтарға жалға беру мәселесі қаралады", - деді Қасымбек журналистерге берген сұқбатында.

Премьер-министрдің орынбасары бұл мәселе қоғаммен талқыланатынын айтты.

"Мен дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Күзде қоғамның қатысуымен өңірлерде барлық мәселелер кеңінен талқыланады. Сөйтіп, жылдың соңында ғана кеңестің талқысына шығарылады", - деді Қасымбек.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 шілдеде президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ережесі мен құрамын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 

Ұлттық кеңестің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

Жаңалықтар
0