Қоғам

Депутаттардың демалысын қысқарту қажет пе – қаржы министрінің пікірі

© Sputnik / Владислав ВодневДепутаттар, архивтегі сурет
Депутаттар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде парламент депутаттары жазда екі ай демалады

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов депутаттардың демалысын қысқартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналист депутаттардың демалысын қысқартуға қатысты сауал қойды.

"Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қазақстандықтар депутаттарға екі ай демалыс беру тым көп деп санайды. Неге депутаттар бәрімен бірдей бір айға ғана демалысқа жіберілмейді? Ал екінші айда өз ақшасына демалсын. Осыған байланысты қаржы министрі ретінде сіздің жеке ойыңызды білейік деп едік?", - деді тілші.

Бас қаржыгердің ойынша, депутаттар өз жалақысына сай жұмыс істеп жатыр.

"Негізі, парламенттің қызметіне қатысты мәселелердің бәрі арнайы конституциялық заңда жазылған. Меніңше, біздің парламентіміз өз жұмысын кәсіби әрі тиімді атқарып жатыр. Ал парламентке түсетін барлық заң уақытында қаралып қабылданады. Сондықтан олар өз жалақысына сай жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Оған күмәнім жоқ", - деді Смайылов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, депутаттар демалыс уақытында өңірлерді аралап, халықтың ұсынысы мен өтінішін тыңдайды.

"Соның нәтижесінде заңдарға тиісті өзгеріс енгізуге болады. Сондықтан депутаттарға берілген демалыс жұмысты тиімді жүргізуге ықпал етеді. Олардың демалысын қысқартатын жоспарымыз жоқ", - деді Смайылов.

Жаңалықтар
0