НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Браконьерлердің қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторының отбасына қажетті көмек көрсетіледі, деп мәлімдеді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
"Өз борышын ерлікпен орындаған марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын. Қаза болған және зардап шеккен инспектордың отбасына қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазды министр Twitter-де.
Сегодня при задержании браконьеров погиб инспектор Охотзоопром Каныш Нуртазинов,Оспанов Самат сейчас находится в больнице.Выражаю искренние соболезнования семье погибшего,героически исполнившего свой долг.Семье погибшего и пострадавшему инспектору будет оказана необходимая помощь
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) 23 июля 2019 г.
1975 жылы туған екінші зардап шегушіге ота жасалды. Жарқайың ауданы әкімі аппараты Sputnik Қазақстанға ер адам орталық аудандық ауруханаға (Державинск қаласы) жеткізілгенін хабарлады.
Браконьерлер қорықшыларға шабуылдады
Сейсенбіде Ақмола облысында "Охотзоопромның" төрт қызметкері Бірсуат ауылында екі жол талғамайтын көлікпен киіктерді күзету шарасын өткізген. Рейд кезінде ақбөкеннің ауланғаны анықталып, қорықшылар браконьерлердің соңына түседі. Нива" көлігінен оқ атылып, салдарынан екі инспектор жарақат алған.
Инспекторлардың бірі кеудесінен оқ жарақатын алып, дәрігерлер келгенше жан тапсырды. 1975 жылы туған екінші инспектор кеудесі мен иығынан жарақат алған.
Ақмола облысының полициясы күдіктілерді іздеп жатыр.
Қарағанды облысындағы қорықшы өлімі
Дәл осындай оқиға биыл қаңтар айында Қарағанды облысында болған еді. Браконьерлер "Охотзоопром" инспекторларына оқ жаудырған.
Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қорықшылардың бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.