Спорт

Күтпеген жағдай болды: қазақстандық боксшы алғаш рет жеңіліс тапты – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинБоксшы қолғабы
Боксшы қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Темірлан Райымқұлов кәсіби рингте өзінің үшінші жекпе-жегін өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Қазақстандық 28 жастағы спортшы Темірлан Райымқұлов (2-0-2) Ресейдің Геленджик қаласындағы бокс кешіне қатысты.

Темірланның қарсыласы Америкада жаттығып жүрген швециялық Шади Гамхур (10-0, 8 КО) болды. 20 шілде күні өткен сегіз раундтық жекпе-жек жетінші раундта тоқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшылар бір-біріне баспен соғылған соң, кездесу тоқтатылған болатын. Бұл жайтқа дейін швециялық спортшы басым еді. Осылайша, қазақстандық карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты. Ал Гамхуо он бірінші рет жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0