Саясат

"Өзіңізді керемет ұстадыңыз": Тоқаев өзіне жағынатын адамдар туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы туралы деректі фильм эфирге шықты

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жағымпаздыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Маған адамдар жағынып, мақтау сөздерді көп айтпайды. Бәлкім, менің ондай сөздерді онша ұнатпайтынымды білетін шығар. Онша ұнатпайтын емес, маған мүлдем ұнамайды. Шыны керек, кейбір адамдардың тарапынан жағымпаздық байқалады. Мәселен, Өзбекстанға жасаған сапардан кейін "тамаша, ондай ешқашан болған емес, сіз өзіңізді керемет ұстадыңыз" деген сөздер айтылды. Мен ондайға назар аудармаймын", - деді Тоқаев "Президент 2.0" деректі фильмінде.

Мемлекет басшысы мадақтар айтылғанда жауап бермейтінін жеткізді. Ондай адамдарға назар аудармайтынын айтты. Оның пікірінше, жағымпаздық көк тиынға да тұрмайды.

"Адам өзіне-өзі төреші, мен де қай жерде қателескенімді, өзімді қай жерде қалай ұстағанымды білемін. Ол жағынан мен өз-өзімді сынай аламын", - деді Тоқаев.

Жаңалықтар
0