22 шілдеде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
22 шілдеде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Бүкіләлемдік ми күні аталып өтеді. Бұл датаны Дүниежүзілік неврология федерациясы бекіткен болатын. Неврология – орталық және периферикалық нерв жүйесінің, соның ішінде адамның жүйке жүйесінің басты органы – ми ауруларын анықтап, алдын алумен айналысатын медицинаның бөлімі. Соңғы жылдары бас миын зерттеуде елеулі прогресс байқалғанымен, ғалымдар үшін мидың жұмысы әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Бүкіләлемдік ми күні, ең алдымен, халықты ми мен жүйке жүйесінің кең таралған ауруларынан хабардар етуге арналған.
2017 жылы спортқа арналған халықаралық даталардың қатары тағы бір мерекемен толықты. 2018 жылдан бастап жыл сайын 22 шілдеде Халықаралық бокс күні аталып өтеді. Бокс (ағылшынның Boxing сөзінен шыққан) – екі спортшының былғары қолғап киіп, жұдырықтасатын спорт түрі. Жекпе-жек 12 раундқа созылады, ал рингтегі қарсыластардың айқасын төреші бақылайды. Жеңімпаз нокаут немесе техникалық нокаут кезінде анықталады. Егер белгіленген раундтан кейін жекпе-жек аяқталмаса, жеңімпазды төрешілер анықтайды.
Бокстың қазіргі түрі Англияда 18 ғасырдың басында пайда болған, ал Олимпиада қозғалысынан кейін бокс 1920 жылы олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне енді.
22 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
1910 жылы Ясная Полянадағы өрт кезінде Лев Толстойдың қолжазбалары өртеніп кетті;
1922 жылы Германияға Олимпиадада өнер көрсетуге тыйым салынып, олар Лейпцигте осыған ұқсас ойындар өткізді;
1927 жылы Италияда "Рома" футбол клубы құрылды;
1944 жылы Халықаралық валюта қорының негізі қаланды.
22 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1822 жылы Ресей империясының "Сібір қазақтары туралы" жарлығы шықты;
1992 жылы Қазақстан мен Украина арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;
2014 жылы Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген, Талғар және Жамбыл облысындағы Ақтөбе Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары тізіміне енді;
2015 жылы Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар тізіміне енгізілді.
22 шілдеде туған танымал тұлғалар
1596 жылы Романовтар әулетінен алғашқы орыс патшасы Михаил Романов дүниеге келді. 1613 жылдың 27 наурызынан (6 сәуірінен) патшалық етті. Орыс патшасы Алексей Михайловичтың әкесі;
1951 жылы кеңестік және ресейлік әнші, композитор, ақын, актер, продюсер Олег Газманов өмірге келді. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (1995). Ресейдің халық әртісі (2001);
1983 жылы ресейлік музыкант, рэп-орындаушы Децл (шын аты Кирилл Толмацкий) туды;
1992 жылы америкалық әнші, модель, актриса, продюсер, дизайнер Селена Гомес дүниеге келді.
22 шілдеде Қазақстанда кімдер туды
1939 жылы әйгілі қазақстандық эстрада әншісі, педагог, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазқастанның Халық әртісі Лаки Кесолгу өмірге келді;
1943 жылы ақын, жазушы, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Әлсейіт Ақпанбетұлы дүниеге келді;
1946 жылы жазушы, ақын Сейсен Мұхтарұлы туды;
1960 жылы сенат депутаты Сергей Плотников өмірге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Балық белгісінде орналасады. Бүгін кез келген істі орындаған кезде аса сақ болған жөн. Бастаған істі міндетті түрде соңына дейін жеткізіңіз. Бұл күні адам жаңа қырынан танылады.