Экономика

Сарапшы: Қазақстан мен Ресейде цифрландырудың қозғаушы күші – мемлекет

© Sputnik / Ксения ВоронинаОткрытие цифрового ЦОНа в Астане
Открытие цифрового ЦОНа в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан – ЕАЭО елдері арасында интернет кең таралған мемлекеттердің бірі

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Цифрландыру индексі бойынша Қазақстан мен Ресейде цифрлық трансформацияның негізгі қозғаушы күші мемлекеттік сектор болып отыр, деп хабарлайды Еуразиялық даму банкінің интеграциялық зерттеулер орталығы.

"Көрсеткіштер сәйкесінше – 0,82 және 0,84. Мемлекет тарапынан жағдай жасау цифрлық технологиялардың кең тарауы үшін өте маңызды", - деп атап өтті Интеграциялық зерттеулер орталығының өкілдері Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында.

Мемлекет цифрлық инфрақұрылымды дамытуға қаржы құйып қана қоймай, бизнесті цифрландыру және мемлекеттік құрылымдарға жаңа технологияларды енгізу үшін қажетті құқықтық базамен қамтамасыз етуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Ресей Қазақстанға қандай қару-жарақ тасымалдап жатыр?

2017 жылы Қазақстан "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарлама бес негізгі бағыттан тұрады: экономика салаларын цифрландыру, цифрлық үкіметке ауысу, цифрлық Жібек жолын жүзеге асыру", адам капиталын дамыту және инновациялық экожүйе құру.

Бұл бағдарлама ұлттық технологиялық әлеует, стартап-индустрия және экономиканың басқа да шикізаттық емес салаларын дамыту арқылы құрылымдық өзгерістерге қол жеткізуі керек.

Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары" аясында мемлекеттің басым бағыттары белгіленген: "жаңа экономиканың негізін қалау", "салаларды технологиялық тұрғыдан жаңарту және цифрландыру". Бұл бағыттар экономиканы цифрландыру, жоғары өндірістік технология компанияларын тарту және орналастыру, халық арасында цифрлық мәдениетті қалыптастыру үшін инфрақұрылымды дамытуға және кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Ресей шекараға қатысты мәселелерді келісті

"Халықтың интернетке қолжетімділігі бойынша, ЕАДБ мүше елдерін екі топқа бөлуге болады. Интернет кең таралған топқа Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армения жатады. Ал интернетке қолжетімділік шектелген елдер – Қырғызстан мен Тәжікстан", - делінген зерттеуде.

2017 жылы Қырғызстан мен Тәжікстанда халықтың интернетке қолжетімділігі тиісінше 38,2% және 22% болған екен.

Жаңалықтар
0