Жұма күні Владимир Путин су тасқынынан зардап шеккендер орналасқан №28 қалалық мектеп-интернатқа келіп, медициналық пунктіні көрді.
Содан соң ол бөлмелердің біріне кіріп, үйі суға кеткен Матвей Сафронов есімді балақаймен сөйлесті.
"Сіз Путинсіз бе? Мен сізді теледидардан көрдім!", - деді балақай мемлекет басшысымен танысып.
Кішкентай Матвей президенттің құрметіне отбасы торт алып, мерекелік дастархан жаятынын айтты.
"Жақсы. Көп рахмет. Тек тәттіні көп жеме", - деп ескертті Путин.
Тағы оқыңыз: "Қызға көмектесіңдер": Путинмен кездесуде күтпеген жағдай болды - видео
Сонымен қатар РФ президенті балаға су тасқынынан зардап шеккен Иркутск облысындағы инфрақұрылымды қалпына келтіруді қадағалауға уәде берді.