НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Ақмола облысындағы Жеке батыр тауында орманнан өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Өрт 19 шілдеде басталған. Құтқарушыларға сағат 13:00-де Щучинск қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан Жеке Батыр тауындағы өрт туралы хабар түскен.
Тағы оқыңыз: Алматы аспанын қою қара түтін басты - видео
Комитет мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнында облыстың төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрды.
Өртті сөндіруге 50 өрт сөндіруші мен 5 көлік, 50 саябақ қызметкері, 2 арнайы көлік және Ми-2 тікұшағы жұмылдырылған. Сонымен бірге Көкшетаудан "Қазавиақұтқарудың" Ми-26 тікұшағы аттанды.