19 шілдеге жоспарланған іс-шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10:30 – Қазақстанның православ жастарының VIII съезі. Форумның тақырыбы – "Жастар және цифрлық революция". Съез жұмысына Қазақстан жастар бірлестіктерінің көшбасшылары, епархияларда жастар бағдарламаларын жүзеге асыруға жауапты мамандар, Ресей мен ТМД елдерінен келген қонақтар қатысады (Әулие Кирилл мен Мефодия атындағы Митрополичье округінің рухани-мәдени орталығы, Күйші Дина көшесі, 27).
11.00 – "Мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыру туралы" баспасөз мәслихаты. Шараға Қазақстанның цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов қатысады (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитация +7 (7172) 74 58 64 нөмірі немесе press.kpm@mail.ru поштасы арқылы жасалады).
14.00 – Нұр-Сұлтан – Алматы-2 бағытында қосымша бір реттік пойыздар қатынайды. Пойыз елордадан аттанады. Сондай-ақ, аталған құрамдардың жаңа вагондары таныстырылады (Жиналу орны: Қонаев көшесі, 6, Б блогы, Қазмедиаорталығы жағынан. Аккредитацияны +7 701 414 29 76, +7 (7172) 60 01 98 немесе pressa_pp@bk.ru поштасы арқылы жасауға болады).
15.00 – Нұр-Сұлтан қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға арналған баспасөз мәслихаты өтеді (Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Тәуелсіздік даңғылы, 6/2. Аккредитация +7 701 913 08 58 нөмірі немесе zozh_astana@mail.ru поштасы арқылы жасалады).
15.00 – "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы. Кездесуде жекеменшік зертханаларға АИТВ инфекциясына талдау жүргізуге лицензия беру мәселесі қаралады. Заңнаманы өзгертуге қатысты ұсыныстар жиналады ("Изумруд орамы" бизнес орталығы, Қонаев көшесі, 8, 26-шы қабат, "Түркістан" мәжіліс залы. Аккредитация: +7 (7172) 91 93 67).
16.20 – "2019 жылдың қаңтар-маусымы аралығындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Ұлттық экономика министрлігі макроэкономикалық талдау және жоспарлау департаментінің директоры Асқар Жапарқұлов (Орталық коммуникациялар қызметі, Қонаев көшесі, 4. Аккредитация бойынша +7 (7172) 55 93 38 нөміріне хабарласуға болады).
АЛМАТЫ
11.00 – "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындары одағының баспасөз мәслихаты. Тақырыбы – "Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының 2019 жылдың бірінші жартысында атқарған жұмысының қорытындысы". Спикер: "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің стратегиялық жоспарлау бойынша директоры Артур Мискарян ("Интерфакс-Казахстан" агенттігінің баспасөз орталығы, Кұрманғазы көшесі, 61а. Аккредитация +7 (727) 250 35 28,+7 777 300 16 95 нөмірлері немесе press2@interfax.kz электронды поштасы арқылы жасалады).
12.00 – Алматының туристік инфрақұрылымын дамыту, Smart City шешімдері мен цифрлық төлемдерді енгізу мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты. Шараны Visa компаниясы мен Visit Almaty туристік ақпарат орталығы ұйымдастырып жатыр. Іс-шара барысында спикерлер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдау инфрақұрылымын дамыту жөнінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы айтады (Visit Almaty ТАО туристік хабы, Абай даңғылы, 44. +7 701 139 70 68 нөмірі немесе saltanat.kozhakeyeva@ts.agency поштасы арқылы аккредитация жасауға болады).
12.00 – "Қазақстан ІІМ реформасы үшін" бастамашыл тобының баспасөз мәслихаты. Шара бір жылда атқарылған жұмыстың есебі мен топтың алдағы жоспарларына арналған. "ІІМ реформасы үшін" тобы былтыр шілдеде, Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасынан кейін құрылған болатын. Олимпиада жүлдегерінің өлімі қоғамдық резонанс тудырып, ішкі істер министрлігін реформалауды қолдаған жандардың басын біріктірді (Қазақстан баспасөз клубы, "Самал-2" шағын ауданы, 58 үй, Cәттi тұрғын үй кешені. Аккредитация+7 747 262 20 63 нөмірі немесе akparat@pressclub.kz поштасы арқылы жасалады).
12.30 –"Как лечить львиный страх" балалар спектаклі (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 104).
15.00 – Q-conference платформасын іске қосуға арналған салтанатты шара. Q-conference – түрлі іскерлік іс-шараларға арналған залдарды, сондай-ақ коворкингтер мен хостелдерді іздеу және брондауға арналған теңдесі жоқ платформа. Шараға сенат спикері Дариға Назарбаева, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысады ("Рахат Палас" қонақ үйі, Сәтпаев көшесі, 29. Аккредитация бойынша + 7 (727) 3171995, +7 747 2089334 нөмірлеріне хабарласуға болады).
16.00 – OneWeek жобасының аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты. Бұл жоба аясында Оңтүстік Кореяның IT мамандары Кеген ауданы фермерлеріне озық ақпараттық технологиялар туралы тренинг өткізген болатын. Волонтерлер жоба туралы толық мәлімет беріп, қазақстандық малшыларға жоғалған жануарды бірнеше секундта табуға мүмкіндік беретін инновациялық туынды жайлы айтады (Novotel Almaty City Center, Достық даңғылы, 104а. Байланыс телефоны: +7 701 538 14 22).
17.00 – Қазақстандағы ірі халықаралық фестиваль – FOURЭ 2019 баспасөз мәслихаты. 2018 жылы FOURЭ фестиваліне 10 000 адам келді. Биыл Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ және Еуропа елдерінің 12 000 тұрғыны келеді деп жоспарланған. Елдің ең ауқымды Open Air жобасы былтыр ТМД-ның үздік үштігіне енді. Фестиваль аумағында темекі тартып, ішімдік ішуге болмайды (Атриум сауда орталығы, Наурызбай батыр, 7Б. Аккредитация +7 707 879 00 53 нөмірі арқылы жасалады).
20 шілдеге жоспарланған іс-шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10.00 – жетінші жыл сайынғы ЯРКОкросс фестивалі. Қайырымдылық жарыс "Таңғаларлық джунгли" тақырыбында өтеді. ЯРКОкросс фестивалін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Посади Дерево" қоры ұйымдастырып жатыр. Қатысушылар мәреге жету үшін 5 шақырымдық "джунглиден" өтуі керек. Дәстүр бойынша, жарыстың басынан соңына дейін жүгірушілерге жарқын әрі экологиялық бояу шашылады. Фестивальде таймер жоқ, сондықтан қатысушылар қалай жүгіремін десе, өз еркі (Астана триатлон саябағы. Байланыс телефоны: +7 708 241 77 90).
19.00 – "Қыз Жібек" операсы (" Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).
АЛМАТЫ
18.30 – Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған "Денистің достары" мұз шоуы. Шоуға танымал мәнерлеп сырғанаушылар, жаттықтырушылар мен Денистің достары қатысады. ("Алматы арена" мұз сарайы, Бауыржан Момышұлы көшесі).
21 шілдеге жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
09.30 – Қазақстанда көшпенділердің жауынгерлік өнеріне арналған алғашқы фестивальдің ашылуы. Фестиваль 21-27 шілде аралығында "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтеді. Шараға Алматы облысының әкімдігі қолдау көрсетеді (Nomad этноорталығы, Үшқоңыр тау бөктері. Аккредитация +7 777 781 55 99 телефоны арқылы жасалады).
Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.