НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің жетекшісі Константин Воробьев Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасына қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Константин Воробьев қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың "Ғашықтың тілі – тілсіз тіл..." ("Язык любви - язык без слов...") өлеңін оқыды.
"Мен бұл эстафетаны достарыма жолдаймын. Алдымен Филипп Дюкті атап өткім келеді. Ол Берлин қаласында тұрады. Досым – Абайдың мерейтойына орай қазақ, орыс және неміс тілдерінде ақынның өлеңдер жинағын жарыққа шығарған баспа үйінің директоры. Сондай-ақ өлең оқу эстафетасын Ресей жоғары оқу орындары түлектері қауымдастығының президенті Джемме Аманжоловаға және Ресей халық әртісі Александр Градский мен Олег Погудинге жолдаймын", - деді ол.
Сондай-ақ директор Олег Погудин алдағы уақытта Қазақстанға келетінін, оның мұнда концерт қоятынын айтты.
Тағы оқыңыз: Көшербаев Абайдың 42-ші қара сөзін оқыды - видео
Константин Воробьев эстафетаны Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Еркін Қасеновтен қабылдаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Абайдың өлеңін оқу эстафетасын Нұр-Сұлтанда тұратын 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім Рысқали бастаған. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа эстафетаны ұсынды. Мемлекет басшысы оны қабыл алып, Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" (Не получив знаний, не хвались) өлеңін оқыды.
Кейін бұл эстафетаға көптеген танымал тұлғалар, оның ішінде әнші Димаш Құдайберген, композитор Игорь Крутой, Қазақстанның Ресейдегі төтенше әрі өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Тағы оқыңыз: Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ринат Зайытовқа эстафета жолдады
2020 жылы елімізде президенттің жарлығымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде атылып өтеді.