Аңдатпа

Қазақстанда 18 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы қаласы
Алматы қаласы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 19 және 20 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кеңес. Жиын видео конференция байланысы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің басшылығымен өтеді. Шараға денсаулық сақтау министрлігінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ, "СК-Фармация" ЖШС, " Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басшылығы қатысады (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сәкен Сейфуллин көшесі, 37. Аккредитация adgspkkz@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

11.00 – Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған "Қазақтану – ел бірлігінің негізі" ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Ғылыми конференцияға Қазақстанның мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, парламент депутаттары, Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптау тобының мүшелері (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы көшесі, 24/9. Аккредитация +7 778 873 57 99 нөмірі арқылы жасалады).

19.00 – Ресейдің халық әртісі Олег Погудиннің концерті. Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі және Қазақстандағы Орыс Православ шіркеуінің Митрополь округінің қолдауымен ұйымдастырған. "Избранное" бағдарламасы Отбасы, махаббат және адалдық күніне арналған (Қасиетті Кирилл және Мефодий атындағы рухани-мәдени орталық, Күйші Дина көшесі, 27).

19.00 –  заң ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Нұрлан Дулатбеков "КАРЛАГ: Память во имя будущего" атты дәріс оқиды. Шара Art Collider және Astana Art Show бейресми мектептерінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу көрмесі аясында өтеді (Көпес Василий Кубриннің үйі, Кенесары көшесі, 41).

АЛМАТЫ

15.15 – "Туры в 15.15" халықаралық туристік жобасы – саяхатшыларға арналған күн сайынғы қалалық экскурсия. Әр күн сайын Еуропаның 40-тан астам қаласында өтеді. Алматы "15.15 форматында" серуендеуге болатын Қазақстанның алғашқы қаласы атанбақ. Серуен Вознесенский соборынан басталып, қаланың ең танымал көрікті жерлерімен жалғасады. Бүгінде "Туры в 15.15" Амстердам, Барселона, Берлин, Брюссель, Будапешт, Валенсия, Варшава, Вена, Венеция, Вильнюс, Вроцлав, Дубровник, Дюссельдорф, Екатеринбург, Иерусалим, Казань, Кёльн, Копенгаген, Лиссабон, Лондон, Любляна, Мадрид, Милан, Минск, Мәскеу, Мюнхен, Неаполь, Ницца, Нюрнберг, Париж, Порту, Потсдам, Прага, Рига, Рим, Севилья, Санкт-Петербург, Стокгольм, Таллин, Тбилиси, Тель-Авив, Флоренция, Хельсинки қалаларында өтеді (Вознесенский соборы, Гоголь көшесі, 40. Байланыс телефоны: +7 701 117 76 20).

19.30 – "Қайрат" футбол клубының УЕФА Еуропа лигасының алғашқы квалификациялық матчы өтеді. Алматы аренасында Босния және Герцеговинаның "Широки Бриег" ФК мен "Қайрат" клубының футболшылары өнер көрсетеді (Орталық стадион, Абай даңғылы, 48/1).

19 шілдеге жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындары одағының баспасөз мәслихаты.  Тақырыбы – "Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының 2019 жылдың бірінші жартысында атқарған жұмысының қорытындысы". Спикер: "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің стратегиялық жоспарлау бойынша директоры Артур Мискарян ("Интерфакс-Казахстан" агенттігінің баспасөз орталығы, Кұрманғазы көшесі, 61а. Аккредитация +7 (727) 250 35 28,+7 777 300 16 95 нөмірлері немесе press2@interfax.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

12.30 –"Как лечить львиный страх" балалар спектаклі (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 104).

16.00 – OneWeek жобасының аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты. Бұл жоба аясында Оңтүстік Кореяның IT мамандары Кеген ауданы фермерлеріне озық ақпараттық технологиялар туралы тренинг өткізген болатын. Волонтерлер жоба туралы толық мәлімет беріп, қазақстандық малшыларға жоғалған жануарды бірнеше секундта табуға мүмкіндік беретін инновациялық туынды жайлы айтады (Novotel Almaty City Center, Достық даңғылы, 104а. Байланыс телефоны: +7 701 538 14 22).

17.00 – Қазақстандағы ірі халықаралық фестиваль – FOURЭ 2019 баспасөз мәслихаты. 2018 жылы FOURЭ фестиваліне 10 000 адам келді. Биыл Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ және Еуропа елдерінің 12 000 тұрғыны келеді деп жоспарланған.  Елдің ең ауқымды Open Air жобасы былтыр ТМД-ның үздік үштігіне енді. Фестиваль аумағында темекі тартып, ішімдік ішуге болмайды (Атриум сауда орталығы, Наурызбай батыр, 7Б. Аккредитация +7 707 879 00 53 нөмірі арқылы жасалады).

20 шілдеге жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – жетінші жыл сайынғы ЯРКОкросс фестивалі. Қайырымдылық жарыс "Таңғаларлық джунгли" тақырыбында өтеді. ЯРКОкросс фестивалін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Посади Дерево" қоры ұйымдастырып жатыр. Қатысушылар мәреге жету үшін 5 шақырымдық "джунглиден" өтуі керек. Дәстүр бойынша, жарыстың басынан соңына дейін жүгірушілерге жарқын әрі экологиялық бояу шашылады. Фестивальде таймер жоқ, сондықтан қатысушылар қалай жүгіремін десе, өз еркі (Астана триатлон саябағы. Байланыс телефоны: +7 708 241 77 90).

19.00 – "Қыз Жібек" операсы (" Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.30 – Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған "Денистің достары" мұз шоуы. Шоуға танымал мәнерлеп сырғанаушылар, жаттықтырушылар мен Денистің достары қатысады. ("Алматы арена" мұз сарайы, Бауыржан Момышұлы көшесі).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0