Саясат

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

© Служба центральных коммуникацийТамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Тамара Дүйсенова "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "Еңбек ресурстарын дамыту орталығының" ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

"Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты. Бүгінгі күні еңбек нарығының тиімділігі мен еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмаларды орындауда мол тәжірибесі бар", - деп атап өтті министр.

Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Тағы оқыңыз: Мұхамедиұлы қанша жалақы алатынын ашық айтты

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Nur Otan партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.

Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов "ЕРДО" АҚ-ның бірінші вице-президенті қызметіне ауысты.

Жаңалықтар
0