Оқиға

Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Тимур БатыршинЖедел жәрдем көлігі, архивтегі сурет
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Қарағандыда үш ер адам құдықта уланып қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

16 шілдеде түнде қаладағы жеке тұрғын үй секторында тұратын ер адам кәріз жүйесін тазартпақ болған. Алайда, ол құдыққа құлап кеткен. Ұлы мен көршісі көмектесуге тырысты. Бірақ үшеуі де күкіртті сутек және аммиакпен уланып қалған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға таңғы сағат 4:00-де болған. Құтқарушылар ер адамды таңғы сағат 4:53-те құдықтан алып шықты. 10 минуттан соң, көршісі де құдықтан шығарылды. Үшінші адамды тек  06:30-да алып шығу мүмкін болды. Бірақ ол жедел жәрдем  келгенше көз жұмған. Бірнеше сағаттан соң, тағы екі адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 

Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың өмірін құтқару үшін жанталасқанымен, еш нәтиже шықпаған. Олар күкіртті сутек және аммиак иісіне уланып қалды.

Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнына барып, мән-жайды біліп қайтты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қайғылы оқиға болған аумақта 25 құдық бар екен. Ер адам соның біріне құлаған. 

"Кәріз жүйесі "Қарағанды Су" мекемесінің меншігінде. Ол өте ескі, кеңес одағында салынған. Қаза болған адамның аты Александр, ол 59 жаста еді. Үйі көшенің соңында орналасқан. Кәріз жүйесі толғандықтан,  нәжіс бәрі Александрдың үйіндегі дәретханадан сыртқа шығады ", - деді көз жұмған ер адамның көршісі Владимир Шнайдер.

Сондай-ақ, ол бұған дейін де Александрдың кәріз жүйесіндегі сұйықтықты өз еркімен тазалап жүргенін атап өтті.

"Қарағанды су" мекемесі біздің кәріз жүйемізді өз иелігіне алғысы келген жоқ. Оның тозығы жеткен, темірлері шіріп жатыр. Суық су өтетін құбырлардың да жағдайы сондай. Осы оқиғаға дейін кәріз жүйесі тез суға толып кететін. Соған қарағанда бір жерде құбыр жарылған сияқты. Александр суық су беруді тоқтатуды сұраған. Ол мәселенің себебін біліп, кәріз жүйесін жөндемекші еді. Бірақ суық су беру тоқтатылған жоқ ", - дейді көрші.

Тағы оқыңыз: Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды

Қара жамылған отбасы мүшелері үйінде болған жоқ. Ал Владимир Шнайдер қайғылы оқиғаның неден болғанына қатысты өз болжамын айтты.

"Түнде құдық тағы да толып кеткен сияқты. Сондықтан Александр оны тазаламақ болған. Үйді нәжістен тазартудың жолын табу керек қой. Александр қант диабетімен ауыратын еді. Сондықтан оның жағдайы нашарлап, құдыққа құлады деп ойлаймын. Ұлы Максим 29 жаста еді. Көршісі де көмекке асыққан. Біз таңертеңге дейін не болғанын білген жоқпыз. Бұл жаға ұстарлық оқиға", - деді қарағандылық.

Жаңалықтар
0