Қоғам

Тоқаев жұмыссыздық жайлы: мәселені шешпесек, қиын жағдайдан шыға алмаймыз

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы елде жаңа жұмыс орындарын құру өте баяу жүріп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің басты міндеті жұмыс орындарын ашу екенін тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тағы бір мәрте қайталап айтамын, үкіметтің қазіргі және алдағы басты міндеті – жұмыс орындарын құру. Экономиканың жай-күйі мен елдегі ішкі тұрақтылық осы проблеманың шешілуіне байланысты", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент үкімет пен әкімдер қызметінің нәтижесін қараған кезде, ең алдымен, осы көрсеткіш ескерілетінін атап өтті.

"Әр апта, әр күн жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесімен айналысуларың керек. Бұл мәселені шешпесек, қиын жағдайдан шыға алмайтынымызды түсінулеріңіз қажет. Әзірге бұл мәселе, турасын айтқанда, тиісті шешімін таппай отыр", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев "Еңбек" бағдарламасы үмітті ақтамай отырғанын жеткізді.

"Елімізде жұмыссыздық азаймай отыр. Жаңа жұмыс орындарын ашу өте баяу жүріп жатыр, саусақпен санарлықтай. Сондықтан біз бұл мәселеге жіті көңіл бөлуіміз қажет", - деді мемлекет басшысы.

Президент премьер-министр Асқар Маминнің назарын осы мәселеге аударды.

Тағы оқыңыз: "Қатаң шара қарастыру қажет": Тоқаев кімнің түрмеге отыратынын айтты

"Егер проблема банктерде болса, онда ұлттық банкті тарту керек. Үкімет пен ұлттық банкке мәселені келісіп шешуді тапсырамын. Бір ай ішінде нәтижесін баяндаңыздар", - деді ол.

Сондай-ақ, Тоқаев мемлекеттің қолдауына ие болып жатқан бизнестің жауапкершілігін де ұмытпау керек екенін айтты.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жалпы елдегі бизнес үкіметке көмектесуі тиіс. Былайша айтқанда, үйлесімді іс-қимыл қажет. Елдегі жағдайдың өзі келісілген жұмысты талап етеді", - деді президент.  

Тағы оқыңыз: Президент Нұр-Сұлтандағы аса қымбат жобаны сынға алды

Оның пікірінше, индустриялндыру бағдарламаларына жан-жақты талдау жүргізіп, жүйелі проблемаларды анықтау қажет.

Жаңалықтар
0