Қоғам

"Бос уақытта айналыссын": Тоқаев "Болашақ" арқылы оқитын шенеуніктер жайлы айтты

Жазылу
Мемлекет басшысы "Болашақ" бағдарламасына өзгеріс енгізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің "Болашақ" бағдарламасына қатысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Білім және ғылым министрлігінде, сондай-ақ, ұлттық экономика министрлігінде болған бір мысалды келтіруге болады. Ол жерде министрдің орынбасары дәрежесінде саяси қызметшілер "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқимын деп, қызметтен оп-оңай кете салады. Сонда 45 жастан кейін де оқи береді. Ондай мысалдар көп", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, министрдің орынбасары "Болашақ" бағдарламасымен оқуға кеткенде, оның орнына бір жылға басқа адамды тағайындай салады.

Тағы оқыңыз: Депутат журналистика бойынша гранттарды көбейтуді ұсынды

"Бұл – абсурд, мемлекеттік қызмет емес. Сабақтастық қайда? Президент әкімшілігі "Болашақ" бағдарламасының талаптарына өзгеріс енгізуі керек. Саяси қызметшілер өз білімін шыңдай алады. Бірақ онымен өз еркімен бос уақытта айналыссын. Оған мемлекет қаржысы жұмсалмауы қажет", - деп атап өтті Тоқаев.

Жаңалықтар
0